Дәстүрлі 13-ші жарысқа Қытайдың ішкі өлке-аудандарымен қатар, өзге елдерден де арнайы жанкүйерлер келген. Жарыстың ресми ашылу салтанатында қазақтың ұлттық киімін киген арулар мен азаматтар мың бұрала биге басып, әннен шашу шашты. Күмбірлете тартқан күйге алыс-жақыннан келген қала қонақтары тәнті болып, қазақ өнеріне ықыластарын білдірді.
Шараның ашылу рәсімінен кейін, спортшылар жылқы терісімен қапталған қазақтың байырғы шаңғыларын аяқтарына байлап, жарысты бастап кетті. Бұдан бөлек, ат шана жарысынан, садақ атудан қойылған көріністер жарыстың көрігін қыздырды.
Жарыстың басты мақсаты - Алтайды байырғы қазақтың ең көне тау-шаңғы мекені екенін таныту. Сондай-ақ қазақтың қолөнер бұйымдарын, салт-дастүрін дәріптеу.