Бұған дейін 92 адамның қазасы туралы айтылған болатын, деп хабарлайды «РИА «Новости» агенттігі.
Сенбі күні Хэйлунцзян провинциясында забойлардың бірінде 500 метр тереңдікте метан жарылысы болды. Оқиға кезінде жер астында 528 кенші болған, нақтыланған мәліметтер бойынша, олардың 415-і жер бетіне шыға алған.
Құрбандықтардың саны бойынша, бұл Қытайдың кен-руда өнеркәсібіндегі соңғы екі жылдағы ең ірі апат.