Қытайда жер сілкінісі салдарынан қаза болғандардың саны 400-ге жетіп, 10 мыңнан астамы зардап шекті

БЕЙЖІҢ. Сәуірдің 14-і. ҚазАқпарат - Қытайда жер сілкінісі салдарынан қаза болғандардың саны 400 -ге жетіп, 10 мыңнан астамы зардап шекті.

Апат орынында жұмыс жасап жатқан құтқарушылар үйінділерді аршып, оның астында қалған жаралыларды шығаруда. Құтқару операциялары телефон байланысының үзілуіне байланысты қиындықтар тудырып отыр, деп хабарлайды Associated Press қытай телеарнасына сілтеме жасап.

Бұған дейін жергілікті билік 300 адам қаза тауып, 8 мың адам жарақат алғандығы туралы хабарлаған болатын.

Түрлі деректер бойынша, жер сілкінісінің магнитудасы 6,9-дан 7,1-ге дейінгі аралықта бүгін Тибет таулы өлкесінің Цинхай провинциясында орын алған.