Полицияның анықтауынша, әлгі келіншек Интернетте «Нанкинде жақын арада міндетті түрде болатын зілзала туралы» хабар орналастырып, «біз оған дайын болуымыз» керек деп мәлімдеме жасайды. Және осы мәлімдемесі үшін Дин ханым абақтыға жабылады.
Шынын айта кету керек, Қытайда бірнеше рет қуатты зілзаланың болғаны шындық. 1976 жылы жерасты дүмпуінің салдарынан Таншань қаласында 242 мыңдай адам құрбан болса, 2008 жылы Сычуань провинциясында болған зілзала салдарынан 80 мыңнан астам адам апат болған еді. Ал тарихи жылнамаларға сүйенсек, ХVI ғасырда Қытайда зұлмат зілзала болып, оның салдарынан 1 миллионға дейін адам опат болған.