48 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Алина Тұрлыбаева жапондық Саекиден 3:0 есебімен басым түсті. Рано Пархатова (54 келі) КХДР-нан келген Джангты 2:0 есебімен ұтты. Ал 69 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен Гаухар Ермекбай үндістандық Саунды жеңді, есеп - 2:0. Алайда өкінішке орай, жарыстан қытайлық Янг 0:3 есебімен ұтылып қалған Мәдина Нұршаева (64 келі) шығып қалды. 8 тамызда - турнирдің алғашқы күнінде 51 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен отандасымыз Жайна Шекербекова шриланкалық спортшы Джаясингені 3:0 есебімен жеңген болатын.
21:19, 09 Тамыз 2015
Қытайдағы Азия чемпионатының екінші күні қазақстандық боксшы қыздар үшін табысты болды (ФОТО)
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қытайдың Уланчаб қаласында бокстан әйелдер арасында Азия чемпионаты өтіп жатыр. Турнирдің екінші күнінде рингке төрт қазақстандық спортшы шықты, деп хабарланған ҚР Бокс федерациясының сайтында.