деп хабарлайды ҚазАқпарат Синхуа агенттігіне сілтеме жасап.
Шынжаң Іле өзені алабындағы ауаның температурасы соңғы күндері күрт жылына бастады. Ақпанның 20-сы мен 21-і аралығында Іленің басым бөлігінде толассыз жаңбыр жауды. Ауа райын болжау орталығының айтуынша, алдағы бірнеше күнде Іле өзені алабында тағы да жауын-шашын болады. Алдағы аптада қар еріп, өзендерде тасқын жүруі мүмкін. Қазір бұл өңірдегі қардың қалыңдығы 26-46 сантиметр шамасында.
Іле қазақ автономиялы облысының мемлекеттік жер байлығы мекемесі және басқа да органдар қардың күрт еруінен болатын зардаптарға қарсы тұру үшін елді мекендердің сақтану қызметтерін жан-жақты ұйымдастырды.