313 адам із-түзсіз жоғалған, 10 000-нан аса адам жарақаттанған, түнді ашық аспан астында өткізуге мәжбүр мыңдаған жергілікті тұрғындар баспанасыз қалды.
Қытай басшылығы зілзаладан жапа шеккендердің өмірін құтқару мен көмек көрсетуде барлық күш-жігерді жұмылдыруға шақырды. ҚХР Мемкеңесі вице-премьер Хуэй Ляньюйдің басшылығымен жер сілкінісі болған жерде штаб-пәтер құрды. Мұнан басқа Қытай қаржы министрлігі зілзала ауданында зардап шеккендерге жедел жәрдем беру үшін 30 миллионға жуық АҚШ долларын бөлді.