Мәліметтерге қарағанда, барлық бала алты жасқа дейінгі бүлдіршіндер. Синьхуа агенттігінің мәліметтері бойынша, бір тәрбиеші өлтірілген.
Соңғы апталарда бұл Қытайда орын алған балалар мекемесіне шабуылдың екінші оқиғасы. Бұған дейін наурыз айында бір ер адам Фуцзянь провинциясындағы бір мектепте сегіз оқушыны пышақтаған болатын, көп ұзамай ол өлтірілді.
Ханьчжун қаласының өкімет орындары шабуыл жасаған адамның өзіне қол жұмсап өлгенін хабарлады.