деп хабарлайды ҚазАқпарат қытайдың «Тәңіртау» сайтына сілтеме жасап.
Шынжаң Іле өзені алабындағы ауаның температурасы соңғы күндері күрт жылынып, жауын-шашын мол түсті. Жергілікті үкіметтің санағына қарағанда, ақпанның 23-інде түске дейін Іле өзені алабындағы 5 аудан-қаладағы 27 мың 108 адам зардап шегіп, 1 мың 179 тұрғын үй қираған, ал 13 мыңнан артық үй жарамсыз. Ауа райының қолайсыздығынан ұшақтар кешіктіріліп, Кеңсай бөлігіндегі қатынас уақытша шектелді.
Ауа райын болжау орталығының деректеріне қарағанда, Іле өзені алабындағы жауын-шашын мөлшері жылдағыдан үш есеге артқан. Жергілікті үкімет апатқа ұшырағандарды қауіпсіз орынға көшіріп, материалдық көмек беруде.