Қытайдың оңтүстік-батысында жер сілкінісі салдарынан 16 адам зардап шекті

БЕЙЖІҢ. Ақпанның 1-і. ҚазАқпарат /Руслан Сүлейменов/ - Жексенбі күні Қытайдың оңтүстік-батысында Сычуань провинциясындағы Суйнин қаласы мен Туннань уезінде күші 5 балдық жер сілкінісі болды.

Оқиға салдарынан 1 адам қаза тауып, тағы 16 адам жарақаттанды.

«Синьхуа» агенттігінің хабарлауына қарағанда, алдын ала мәліметтер бойынша апат салдарынан Суйнин қаласының Анцзюй ауданында 218 нысан құлаған, 10 667 құрылыс зардап шеккен. Оған қоса көпірлер, жолдар, су қоймасы және басқа да инфрақұрылымдық нысандар зақымданған.