Қытайдың Сычуань провинциясында жер сілкінді

АСТАНА.  Қарашаның  23-і.  ҚазАқпарат  -   Қытайдың  оңтүстік-батысындағы  Сычуань провинциясында күші 4,8 балдық жер  сілкінісі  болды,

 деп хабарлады дүйсенбі күні «Сина»  жаңалықтар порталы.

Жергілікті сейсмикалық  қызметтің мәліметтері  бойынша,  жерасты  дүмпулері    дүйсенбі  күні жергілікті   уақыт  бойынша  сағат 15.25-те    тіркелді.    Зілзала  кіндігі   2008 жылғы     қуатты  жер сілкінісінен кейін   әлемге    танымал   болған    Вэньчуань  уезінде   болған.      Былтыр мамыр  айында осы өңірде     болған 8 балдық   зілзаланың салдарынан     90 мыңдай адам  опат болып, 374 адам   жараланған, миллиондаған  адам баспанасыз қалған  еді.

Бүгінгі   жер сілкінісі  Чунцин  мегаполисі  мен  төңіректегі     басқа да аудандарда сезілді.  Қираулар мен   зардап шеккендер туралы әзірге ақпарат жоқ.