Қытай ғылым академиясы автоматика институтының қызметкерлері өздері ойлап тапқан технологияның адам арт жағымен келе жатса да оның тұлғалық ерекшелігін ажырата алатынына сенімді.
Жобаны жүзеге асырушылардың бірі Хуан Юнчжэннің айтуынша, технология 1000 шаршы метрдегі 1000 адамды жүз метрлік қашықтықтан тануға қауқарлы.
«Аталған технологияны қауіпсіздік жүйелерінде, көлік және іскерлік шаралар өткізу орындарында кеңінен қолдануға болады», - дейді Хуан.