Mirror басылымының хабарлауынша, дәрігерлер науқастың мұрны астынан оқ алып шыққан.
«Басындағы оқпен жарты ғасырға жуық уақыт бойы қалай өмір сүріп келдіңіз?» деген сауалға ол жауап айтуға қиналған. Себебі ол оқ тиген кезді тіпті сезбей қалған болса керек.
Қытайлық тілшілердің жазуынша, Чжао 14 жасында болған кезде оның шекесінен қатты соққы тиген. Басына тас түсіп, жарақаттаған шығар деген оймен ол бұл оқиғаны ұмытып кеткен. Тағы бір болжам бойынша, оған қаңғыған оқ тиген. Бірақ оны бұл қатты мазаламағандықтан, дәрігерлерге баруды ойламаған.