Қытайлық суда жүзгіш бір күнде екі рекорд жасады

АСТАНА. Қарашаның 11-і. ҚазАқпарат - Қытайлық суда жүзгіш қыз Чжао Цзин 50 метрлік қашықтыққа шалқалап жүзуден бір күнде екі рекорд жасады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Associated Press сайтына сілтеме жасап.

Сейсенбі күні, қарашаның 10-ында Стокгольмде өтіп жатқан Әлем кубогі жолындағы жарыста ол осы қашықтықты бастапқыда 26,08 секундта, ал одан кейін финалдық жүзуде 25,82 секундта жүзіп өтті.

 Чжао Цзин өткен аптада Мәскеуде болған Әлем кубогі жолындағы жарыстың кезекті кезеңінде  австралиялық Мариеке Гюрердің орнатқан әлемдік рекордын жаңартты.