Қытайлық сүт өнімдерінен тағы да меламин табылды

АСТАНА. Қаңтардың 25-і. ҚазАқпарат - Қытайдың сүт өнімдерінен тағы да меламин табылды, меламин - адам денсаулығына қауіпті химикат болып табылады,

деп хабарлайды ИТАР-ТАСС агенттігі.

Бұл жолы құрамында меламин бар балмұздақ сатқаны үшін үш бірдей компания тұтылып отыр. Құрамында қауіпті химикат табылған балмұздақ өнімдері елдің оңтүстік-батысындағы Гуйчжой провинциясынан табылды, деп жазады "Чайна дейли" басылымы.

Өткен аптаның соңында осындай өнімдер Сычуань және Цзянсу провинцияларының дүкен сөрелерінде де табылған. Сарапшылар, бұл 2008 жылы орын алған «меламин жанжалына» дейін жасалған өнімдердің қалдығы болу ықтималдығын жоққа шығармайды. «Меламин» жанжалының салдарынан Қытайдағы ірі «Саньлу» сүт компаниясы банкротқа ұшырап, оның екі жоғары лауазымды менеджері сот үкімі бойынша өлім жазасына кесілген болатын.

Қытайда протеиннің құрамын арттыру үшін сүт өнімдеріне қосылған бұл қауіпті химиялық зат, ең аз дегенде, алты нәрестенің өліміне себеп болған еді. Тағы 300 бала емдеу курсынан өтуге мәжбүр болды.