Археологтар тапқан фрагменттер Інжілде айтылған кеменің қалдықтары екенігіне 99,9 пайызға сенімді. Көміртекті танализдің нәтижесіне сүйеніп отырған мамандардың айтуынша, табылып отырған жәдігердің жасы 4 мың 800 жылдың шамасында, деп хабарлайды «РИА «Новости» агенттігі.
Кеме бірнеше жайдан тұрады. Оның ішінде жануарларға арналған жай да бар. Жәдігер табылған өңірде адамдар тұрмайды, сондықтан да оның қирап қалған баспана екендігіне күмән бар.
Айта кету керек, американ барлауының мұрағаттарында 1950 жылдары түсірілген және «арарат аномалиясы» деп аталған нысанның суреттері сақтаулы. 1997 жылы Орталық барлау басқармасы суреттерді жария етуге уәде беріп, бірақ ол уәдесін әлі күнге орындаған жоқ.
Ал Түркия өкіметі Араратта Нұх кемесінің қалдығы табылу фактін қуаттаған жоқ.