ИТАР-ТАСС-тың хабарлауынша, қытайлықтар бұл көрсеткіш бойынша ресейліктерді басып озды. Қытай Халық Республикасының тұрғындары Нью-Йоркте ғана емес, тұтастай алғанда АҚШ-та тұрғын жылжымайтын мүлікті сатып алып отырған негізгі шетелдіктер болып отыр. Брокерлердің ақпараты бойынша, Ресейде сатып алушылардың белсенділігі Украинада басталған дағдарыстан кейін төмендеп кетті.
Еске сала кетейік, 2007-2010 жылдардағы ипотекалық дағдарыстан кейін АҚШ-тың ірі қалаларында тұрғын үй бағасы едәуір төмендеді. Кейінірек олар аздап қалпына келді, дегенмен Шанхай, Гонконг немесе Сингапурдегіге қарағанда бұрынғыша тартымдырақ.