деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Оның атап көрсеткеніндей, әлемнің 16 елінен келген 86 боксшының арасында Қазақстан біріншілігінде бірнеше дүркін чемпион атанып жүрген Назгүл Боранбаева, Дариға Шакимова, Марина Вольнова сынды қазақ спортшы қыздарының жоғары жүлделерден дәмесі бар.
«Олардың басты қарсыластары Үндістан, Қытай, Солтүстік Корея елдерінің боксшылары болып табылады. Әзірше жеребе отандастырымыздың бағына орай, біз үшін оңтайлы түскен», дейді ол.
Жалпы аталмыш біріншілікте 4-5 қазақ қызы ақтық сынға шығады деп болжануда.
Айта кетейік, бүгін, Астанада қыздар арасында бокстан Азия біріншілігі басталады. Турнир бәсекелері 11 салмақ дәрежесінде ASBC ережесіне сәйкес және Азия бокс конфедерациясының техникалық ресми өкілдерінің бақылауымен өтеді. Қазақстан бұл чемпионатқа барлық 11 салмақ дәрежесі бойынша қатысуға өтініш білдірді.