Қызылорда кеденшілері акция өткізді

ҚЫЗЫЛОРДА. Наурыздың 31-і. ҚазАқпарат (Руслан Игілік) – Кеше облыстық кедендік бақылау департаменті 'Кеден келбеті айқын' атты журналистік десант акциясын өткізді,

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.Шараға ҚР Кедендік бақылау комитетінің ресми өкілі Ержан Байтана, облыстық кедендік бақылау департаментінің бастығы Алмас Садықов қатысып, хабарлама жасады.Е.Байтана өткен жылы кеден саласы мемлекет бюджетінің қоржынына 934 миллиард теңгеге жуық кеден салығын түсіргенін, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық сипатындағы 131 істің анықталғанын мәлім етті.Акция барысында облыстық кедендік бақылау департаментінің қызметкерлері кедендік бақылау аймағында болып, жүк қоймасындағы заттарға алдын ала декларациялау ресімдемесін жасады.Алмас Садықовтың мәлімдегеніндей, үстіміздегі жылдың екі айында кеденшілер бюджетке 1297,3 млн. теңге кедендік төлемдер мен салықтар түсіріп, болжамдық тапсырманы 122,8 пайызға орындаған. Сондай-ақ, 47 сыртқы экономикалық қызметпен шұғылданушыларға және басқа да қызмет түрлеріне тексерулер жүргізіліп, 9835 мың теңгенің кедендік төлемдері мен салықтары қосымша есептеліп, өндірілген.