11:42, 07 Сәуір 2009
Қызылорда мемлекеттік университеті 200-ге жуық студентке грант ұсынды
ҚЫЗЫЛОРДА. Сәуірдің 7-сі. ҚазАқпарат /Руслан Игілік/ – 'Нұр Отан' партиясының кеңейтілген отырысында Үкіметке 40 мың студентке қосымша білім беру гранты мен жеңілдетілген ұзақ мерзімді несие бөлу тапсырылғаны баршамызға белгілі,
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.Осыған орай Қорқыт ата атындағы мемлекеттік университетінен "өте жақсы" оқитын 200-ге жуық студент мемлекеттік грантқа ұсынылды. Оған қосымша техникалық мамандықтар бойынша ақылы негізде "жақсы", "өте жақсы" бағаға оқитын мүгедек, жетім, тұрмысы төмен отбасы балаларының оқу ақысына жеңілдік жасау мақсатында 145 студенттің құжаттары тапсырылды.Нәтижесінде, арнайы құрылған комиссия шешімімен университеттің 184 студенті қосымша білім беру грантының иегері атанды. Сонымен қатар университеттің ғылыми кеңесінің шешімімен 77 студентке үнемделген қаржы есебінен 50-ден 100 пайызға дейінгі көлемде оқу ақысына жеңілдіктер жасалды. Олардың көпшілігі - тұрмысы төмен не көп балалы отбасы балалары және ұлттық командалар құрамында ойнайтын спортшылар. Мұнай компаниялары, банктер мен университет ұжымы арасындағы келісімге сай 112 студентке білім гранты бөлінді.