Қызылорда облысында биыл 185,6 мың гектар жерге 294 мың түп ағаш егіледі

ҚЫЗЫЛОРДА. Сәуірдің 10-ы. ҚазАқпарат /Руслан Игілік/ – Кеше баспасөз орталығында облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы бастығының орынбасары Еркін Өтегенов бұқаралық ақпарат құралдары өкілдеріне көгалдандыру және аяқсу мәселесіне қатысты баспасөз мәслихатын өткізді,

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.Ол үстіміздегі жылы облыс бойынша 185,6 гектар жерге 294 мың түп ағаш көшеттерін отырғызу жоспарланып отырғанын айтты. Басқарма бастығының орынбасары аймақ өңірінде 13 гектарлық ағаш көшеттерін өсіретін тұқымбақ бар екендігін атап өтіп, көгалдандыру жұмысына облыстық бюджеттен 7,75 млн. теңге бөлінгендігін мәлім етті. Өкінішке орай, аяқсу мәселесінде түйінді түйткілдер баршылық. Мәселен, бүгінгі күнге дейін 58 елді мекенде аяқсу мәселесі шешілмеген. Сондықтан бұл бағыттағы жұмыстарды жандандыру үшін нақты іс-шара жоспары бекітіліп, жүзеге асырылмақшы.