деп хабарлайды Төтенше жағдайлар министрлігінен.
Мамырдың 12-сіндегі жағдай бойынша, 46 адам, оның ішінде 9 бала - Сырдария аудандық ауруханасына, тағы екі адам Жалағаш аудандық ауруханасына жатқызылды.
«Ауруханада барлығы 94 адам жатыр. Науқастардың жағдайы қанағаттанарлық», - делінген ведомство хабарында.
Естеріңізге сала кетейік, зардап шегушілер мамырдың 9-ы күні ас беру кезінде уланып қалған, сол күні 7адам ауруханаға түскен.