«Қызылорда-Жалағаш» автожолында болған ірі жол апатында 5 адам қаза тауып, тағы үшеуі ауруханаға жеткізілді

АСТАНА. 8 қараша. ҚазАқпарат - Сенбі күні «Қызылорда-Жалағаш» автожолында болған ірі жол апатында 5 адам қаза тауып, тағы үшеуі ауруханаға жеткізілді.

Қазақстанның Төтенше жағдайлар министрлігінен хабарлағандай, қазанның 6-сы күні кешкі сағат алты жарымда «Опель» мен «Ауди» көліктері соқтығысып, соның салдарынан «Ауди» машинасы жанып кеткен.

25 және 26 жастағы екі көліктің жүргізушісі, сондай-ақ олардың 27, 59 және 45 жастағы жолаушылары апат орнында мерт болды. 19, 54 және 30 жастағы қалған үш жолаушы түрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілді.

Өрт 20 минутқа жуық уақыттан кейін сөндірілді. Төтенше жағдайды жоюға Қызылорда облысы бойынша ТЖД өртке қарсы қызметінің 6 адамы мен 1 техникасы; ҚР ТЖМ «ЮРАОСО» Мемлекеттік мекемесінің 2 адамы мен 1 техникасы, сондай-ақ ҚР ТЖМ-ның облыс бойынша Төтенше жағдайлар департаменті Шұғыл құтқару жасағының 4 адамы мен 1 техникасы жұмылдырылды.