13:48, 28 Наурыз 2009
Қызылордада жол-көлік оқиғасынан үш адам мерт болды
АСТАНА. Наурыздың 28-і. ҚазАқпарат – Бүгін Қызылордада жол-көлік оқиғасынан үш адам оқиға орнында тіл тартпай кетті,
деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.«КамАЗ» және «Тойота» автокөліктерінің соқтығысу оқиғасы Махамбет кентінде орын алды. «Тойота» көлігінің 25 жастағы жүргізушісі мен оның 69 және 43 жастағы жолаушылары оқиға орнында қаза тапты.