19:19, 26 Наурыз 2009
Қызылордалық дзюдошылар олжалы оралды
ҚЫЗЫЛОРДА. Наурыздың 26-сы. ҚазАқпарат (Руслан Игілік) - Алматы қаласында дзюдодан халықаралық турнир болып өтті. Бұл жарыста еліміздің барлық өңірінен және Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан елдерінен спортшылар бақ сынады,
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Аталған жарыста қызылордалық дзюдошылар бір алтын, бір күміс және екі қола медаль олжалады. Ең ауыр - 100 киләдан жоғары салмақта жерлесіміз Мұхтар Смайылов қарсыластарын шақ келтірмей, алтын медальге ие болды. 90 килә салмақта екінші орын Руслан Әбдіразақовқа бұйырды. Ал қыздар арасында Әйгерім Мәденова (48 кг.) мен Динара Досжанова (57 кг.) қола жүлдегерлер атанды.