Қызылорданың ?Cейхуны? дес берер емес

ҚЫЗЫЛОРДА. Сәуірдің 9-ы. ҚазАқпарат /Руслан Игілік/ – Кеше Қызылордадағы 'Еуразия' спорт кешенінде гандболдан қыздар арасында Қазақстан біріншілігінің бесінші туры басталды,

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Осы күні топ басында келе жатқан жергілікті "Сейхун" командасы Шымкенттің "Қазығұртымен" кездесті. Ойын басында қонақтар үш-төрт доп айырмасымен алда тұрды. Осыдан кейін қызылордалық гандболшылар ширақ қимыл көрсете бастады. Осының нәтижесінде бірінші кезеңде 20:13 есебімен сейхундықтар басым түсті. Екінші кезеңде алаң иелері ойын тізгінін толықтай қолға алды деуге болады. "Сейхунның" гандболшылары 16 доп соқса, шымкенттіктер оған 7 доппен жауап қайтарды. Қорытынды есеп 36:29. Бұл турда "Алматы" "Северден" 33:16, "Іле" "Шығыстан" 38:26 есебімен басым түсті.