Бұл туралы дүйсенбі күні Лас-Вегас шерифі Джозеф Ломбардо баспасөз конференциясында мәлім етті.
«Енді мен Невада штатындағы Мескиттегі қылмыскердің үйін тінтудің нәтижесі жайлы нақты ақпараттар бере аламын. Тінту барысында 18 дана дәрімен атылатын қару, оқ-дәрілер, жарылғыш зат және электр құрылғылары табылды. Біз қазір оларды зерттеп жатырмыз», - деді ол.
Еске сала кетейік, жексенбі күні кешкісін Лас-Вегастағы Mandalay Bay қонақ үй-сауықтық кешенінің маңында болған концертте атыс болды. Полиция мәліметтерінше, қонақ үйдің 32-қабатынан 64 жастағы Стивен Пэддок оқ жаудырған. Ол тәртіп сақшылары келгенше өз-өзіне қол жұмсап үлгерген.