Қазақстан чемпионатының бірінші лигасында ойын көрсететін қаратаулық клуб осыған дейін мықты ойыншыларымен көзге түсіп, облыстық бюджеттен қаржыландырылып келген еді. Нысан 520 мың теңгеге сатуға қойылған алғашқы аукционға ешкім қатыспаған соң ол сатылмай қалған.
Ақыр соңында «Лашын» Қаратау қаласында тұратын кәсіпкер Арман Қарымсақовқа 89 275 теңге 79 тиынға сатылды. Сатудан соң клубтың миилиондаған қарыздары бары анықталды. «Лашын» ФК директоры Ақниет Таңатаровтың айтуынша, клубтың жаңа иесінің ол қарыздарды өтеу ниетінің бар-жоғы әзірге белгісіз.
Қазіргі таңда «Лашын» ФК жаттығуларын тоқтатты.