Алайда Латвияның Әділет министрлігі бұл бастаманы құптамай отыр.
02:24, 18 Сәуір 2013
Латвия депутаттары балалардың жанында темекі тартқандарды түрмеге қамауды ұсынып отыр
АСТАНА. 18 сәуір. ҚазАқпарат - Латвия Сеймінің адам құқықтары және қоғамдық істер жөніндегі парламенттік комиссиясы балалардың жанында темекі тарту оларға зомбылық көрсетумен тең деп есептейді. Депутаттар «Балалар құқықтары туралы» заңға түзетулер енгізіп, балалардың қасында шылым шеккендерді қылмыстық жауапкершілікке тартуды ұсынып отыр, деп хабарлайды Утро.ру.