«Адамдардың еркін қозғалуы тәрізді жетістік жойылуы мүмкін. Бұл біздің ешқайда бара алмайтынымызды білдірмейді, жағдай бұрынғыдай болады - шекаралық бақылау қалпына келтіріледі», - деді министр.
Frontex еуропалық шекаралық агенттігі жылдың бірінші он айында Еуроодаққа 1.2 миллионнан астам мигрант келгенін мәлімдеген. Еуроодақ әлемдегі қазіргі миграциялық дағдарыс - Екінші дүниежүзілік соғыс кезінен бергі ең ірі дағдарыс екенін мәлімдеді.