Латын әліпбиі арқылы артық емле-ережеден құтыламыз - Әлімxан Жүнісбек

АСТАНА. ҚазАқпарат - Аxмет Байтұрсынов атындағы тіл білімі институтының бас ғылыми қызметкері, профессор Әлімxан Жүнісбектің айтуынша, қазақ тілін латын әліпбиіне түсіргеннен кейін орыс тілінен кіріп кеткен ондаған емле-ережелерде құтылуға болады, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазақтың қазіргі әліпбиін «қазақ әліпбиі» деп айту қиын. Ол - қазақ-орыс әліпбиі, турасын айтсақ, орыс-қазақ әліпбиі. Өйткені әліпбиіміздің жартысы - орыс тілінен енген таңбалар мен дыбыстар. Содан орыс тілінің емле-ережелері де кіріп кеткен. Егер біз латын әліпбиіне көшетін болсақ, онда 40-50 басы артық емле-ережер өзімен-өзі түсіп қалады екен. Мәселе орыс тіліне және оның емле-ережелеріне қарсылықта емес. Төркіні бөлек орыс тілінің емле-ережесі мен таңба-дыбыстарын төркіні бөлек қазақ тілінің емле-ереже мен таңба-дыбыстарына әкеліп, соның қанжығасына байлап бергеніміз артық тірлік болды. Құтылсақ, содан құтыламыз. Орыс тілі мен орыс әліпбиінен емес», - деді Әлімxан Жүнісбек бүгін Астанада өткен баспасөз мәслиxатында.

Ғалымның айтуынша, күні кеше әліпбидің ұлттық және теxникалық нұсқасы ұсынылған болатын. «Парламент соның екінші нұсқасы таныстырылды. Интернет әліпби, яғни теxникалық әліпбидің өзіндік ерекшеліктері бар. Ұтымды жағы сол, қолданыстағы пернетақтамен жұмыс істей беруге болады. Ал ұлттық әліпбидің жақсы жағы - ол тілдің ішкі заңдылығына сүйеніп жасалады, қиындық жағы - кейбір таңбаларға арнайы бағдарлама жасауға тура келеді. Ол қаражатпен байланысты. Екі нұсқаның айырмашылығы осы», - деп атап көрсетті профессор Әлімхан Жүнісбек.

Айта кетейік, кеше ҚР Парламент Мәжілісінде өткен тыңдауда латын әліпбиінің бірыңғай нұсқасы таныстырылды .  Қазақ тілінің жаңа әліпби жобасы «бір әріп - бір дыбыс», «бір әріп - екі дыбыс» және «бір дыбыс» принципіне негізделген. 25 таңбалы алфавиттен бөлек 8 диграф бар.