Ол салынып жатқан үйлердің әсіресе, сапасына зор көңіл бөлді. «Жұмыспен қамту 2020» бағдарламасы бойынша болашағы жоқ ауылдардан қоныс аударатындарға үй салу үшін республикалық бюджеттен 483 млн.теңге бөлінді.
Болашақ қоныстанушылар қала кәсіпорындарында сұранысқа ие мамандықтарға кәсіби даярлықтан өтеді.
Көшіп келушілерге салынатын үйлер жайлы болмақ - жергілікті бюджеттен электрмен жабдықтау, су құбыры желілері, шаруашылық құрылыстары үшін қосымша 455 млн.теңге бөлінді.
Үйлердің құрылысы жыл соңына дейін аяқталмақ.