Ленинград облысының Киров ауданында «Мәңгілік өмірдің шебінде» атты аймақаралық акция өтеді. Осынау шараның аясында соғыс ардагерлерінің қатысуымен Синявино селосында, Мурманск тас жолындағы «Екі майданның кездесуі» мемориалына гүл шоқтарын қою рәсімі өтеді, деп хабарлады ҚазАқпарат тілшісіне Ленинград облысы үкіметінің баспасөз қызметінен.
Кировск қаласындағы «Ленинград қоршауын бұзу» мұражайында өтетін ресми іс-шараға облыс губернаторы Валерий Сердюков пен облыстық үкіметтік мүшелері де қатысады. Гүл қойылып, ардагерлер сөз сөйлегеннен кейін, музыкалық ұжымдар мен орындаушылардың концерті болады.
Ленинград қоршауын бұзу - Невадағы батыр қаланың 900 күнге созылған блокадалық тарихындағы ештен кетпес оқиға. Сонау 1973 жылы қаңтардың 18-інде лениградтық радио қуанышты хабар жасады: «Ұшқын» операциясы барысында Ленинград және Волхов майдандарының әскерлері №1 Жұмысшылар кентінің тұсында кездесті. Ленинград облысында бірінші азат етілген қала Шлиссельбург болды.
Осы хабардан кейін қала тұрғындары түні бойы ұйықтаған жоқ, олар майдангерлерді құттықтады, тәулік бойы жұмыс істейтін кәсіпорындарда митингтер өтті. Ал келесі күні Ладога көлінің оңтүстік жағалауының бойында Ленинградты елдің басқа өңірлерімен байланыстыратын теміржолдар мен тас жолдарды қалпына келтіру жұмыстары басталған еді.