«8 ақпанда ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрінің бұйрығымен Лима Диас «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» коммерциалық емес орталығының Басқарма төрайымы болып тағайындалды.
Лима Диас «Samruk-KazynaTrust» әлеуметтік жобаларды дамыту қорының басқарушы директоры-ресми өкілі, «Қазақстанның азаматтық альянсы» ЗТБ директоры, Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің штаттан тыс кеңесшісі қызметтерін атқарған», делінген хабарламада.