LIVE: Кипр Президенті Никос Христодулидистің Қазақстанға ресми сапары

АСТАНА. KAZINFORM - Тәуелсіздік сарайында Қазақстанға ресми сапармен келген Кипр Республикасының Президенті Никос Христодулидисті қарсы алу рәсімі басталды.

Фото: Kazinform

Кипр басшысы елімізге Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен келді және оның ресми сапары 2-4 маусым аралығында өтіп жатыр.

Бүгін өтетін келіссөздер барысында президенттер сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық байланыстарға басымдық беретін екіжақты ынтымақтастықты кеңейту перспективасын талқылайды.

Сондай-ақ бірқатар құжатқа қол қою жоспарланған.