ОРАЛ. 4 шілде. ҚазАқпарат - БҚО қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты алқабилердің қатысуымен ломбардтан 5,1 млн. теңгенің бұйымын тонаған ер адамға қатысты айыптау үкімін шығарды.
Облыстық соттың баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, қылмыс өткен жыдың наурыз айында орын алған. Сотталушы ломбард қызметкерін қорқытып, 170 мың теңге мен 5,1 млн. теңгенің 319 алтын бұйымын алып кеткен. Алайда оны көшеге, гараждар жанына жасырғанымен бірнеше күннен кейін келгенде таба алмаған.
Сотталушы өз кінәсін толықтай мойындады. Осы қылмыс салдарынан өз бұйымдарын ломбардқа тапсырған 70-тен астам адам зардап шекті.
Сот ер адамды 7,5 жылға бас бостандығынан айырып, жазасын жалпы режімдегі колонияда өтеуге кесті.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).