Бүгін ҚР Туризм және спорт министрлігінің кеңейтілген алқа мәжілісінде ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов осындай міндет қойды.
«Біз 2008 жылы Қытайдың Бейжің қаласында өткен Жазғы олимпиада кезіндегі жетістіктерімізді еселеуіміз қажет. Міне, осындай -мақсат-міндет болған жөн. Себебі біз әрбір олимпиада сайын алға жылжып, өзіміздің спорттық әлеуетімізді танытуға тиіспіз», - деп атап көрсетті К.Мәсімов.
Айта кетейік, 2008 жылы Бейжің қаласында өткен Жазғы олимпиадада Қазақстан жалпы командалық есепте 29- орынға ие болды. Екі алтын медальді боксшы Бақыт Сәрсекбаев және ауыр атлетші Илья Ильин әкелген болатын.