- Максим Бәкиевті Ресей Федерациясынан алған несиені қайтармағаны үшін қамауға алды, деп хабарлады Утро. ру. Саясаткердің ұлы өзінің отаны мен америкалық тараптан түскен - екі өтінім бойынша тұтқындалды.
«Қырғызстан мен Ұлыбритания арасында экстрадиция жөнінде келісімнің жоқтығына байланысты, қазіргі уақытта британдық тарап М. Бәкиевті АҚШ-қа экстрадициялау мәселесін қарастыруда», - делінген Бішкек таратқан ресми мәлімдемеде. Атап өтілгендей, М. Бәкиев айыпталып отырған қылмыстар үшін АҚШ заңнамасына сәйкес ұзақ уақытқа бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.