Лондондық емхана Интернетке тәуелді балаларды емдеуді қолға алды

АСТАНА. Наурыздың 19-ы. ҚазАқпарат - Лондондағы "Кэпио Найтингел" медициналық орталығы Интернетке тәуелділіктері денсаулықтарына қауіп төндіре бастаған 12 жастан жоғары балаларды емдеуді қолға алып отыр,

Бұл туралы британдық "Ивнинг cтандард" басылымы жазды.

Басылым мәліметтері бойынша орталыққа, «компьютер өшір десе, «жандары шығатын» балалардың ата-аналарынан қазірдің өзінде көп өтініштер түсіп отыр. Ата-аналар, кей жағдайларда балаларын «сабаларына түсіру үшін» полиция шақыруға мәжбүр болатындарын айтуда.

Орта мектеп оқушыларының арасында жүргізілген сауалнамаға сәйкес, балалардың ширек бөлігі компьютердің алдында күніне 6 сағаттай уақыт өткізеді екен, соның салдарынан олардың кейбіреулері ашушаңдықтан, ұйқының бұзылуынан және депрессиядан зардап шегеді.

Бұл ауруханадағы емнің бағыты - балалардың әлеуметтік қарым-қатынас дағдыларын арттыруға бағытталады, дейді мамандар. Оған қоса, мұнда ата-аналарға арналған да арнайы тренингтер бар.