М.Джексонның жеке дәрігеріне адам өлтірді деген айып тағылды

АСТАНА. Ақпанның 9-ы. ҚазАқпарат - Әнші Майкл Джексонның жеке дәрігері Конрад Мюррейге қасақана емес жағдайда кісі өлтірді деген айып тағылды. Сот өкілдерінің хабарлауынша, кінәсін мойындаған жағдайда, Мюррейді 4 жыл бас бостандығынан айыру жазасы күтіп тұр,

деп хабарлайды РБК агенттігі.

Мюррейдің адвокаты - Эд Чернофф, соттың шешімі осылай болады деп күтілгенін, бірақ сот мойнына қойып отырған кінәні дәрігердің мойындамайтынын атап көрсетті. Мюррейдің өкілі Миранда Севцик, дәрігердің әншіні өлтіретіндей ешқандай дәрі бермегенін және ешқандай ем-дом жазбағанын мәлім етіп отыр.

Бұдан бұрын хабарлағандай, 2009 жылы маусымның 25-інде М.Джексонның жүрегі тоқтап қалған кезде, оның қасында дәл осы К.Мюррей болған еді. Әншіге «жедел жәрдем» шақырылды, бірақ, дәрігерлердің барлық күш-жігеріне қарамастан, Джексон көз жұмған еді.