Өткен аптада Бельгияның астанасында жұмыс істейтін 400-ге жуық саясаткерлер мен қоғам қайраткерлерінің алдында сөз сөйлеген АҚШ-тың бұрынғы Мемлекеттік хатшысы трансатлантикалық әріптестіктің алдында тұрған міндеттердің кең ауқымын атап айтты. Атап айтқанда, ол НАТО-ның жаңа Стратегиялық тұжырымдамасын әзірлеу үдерісіне және Солтүстікатлантикалық одақтың болашақ қызметіне тоқталды.
Іс-шараны НАТО-ның қоғамдық дипломатия басқармасы және АҚШ-тың Маршалл германиялық қоры бірлесіп ұйымдастырды.