«Менің ойымша, латын әліпбиінде ескерілетін дүние - бәрі компьютердегі 26 әріп аясында жасалуы тиіс. Оған қосымша 10-20 әріпті қосып, әріп санын 40-қа жеткізудің қажеті де шамалы. Бір ғана компьютер тақтасынан алфавит шығаруға әбден болады. Бұл бізге де жастарымызға да жеңіл. Оның үстіне ағылшын, француз тілдерінде үш-төрт әріп бір дыбысты береді. Бізге де бір дыбысқа бір әріп арнамай-ақ, жеңіл, оңай жетілетін жолды іздестіргеніміз ләзім», - деді М. Құл-Мұхаммед.
Сонымен қатар, министр «келесі жылы ешкім де латыншаға көшпейтінін» кесіп айтты. «Осы салаға жауап беретін басшы ретінде айтарым, «келесі жылы латынға көшкелі жатырмыз» деген алып-қашпа әңгіме айтылып жүр. Олай емес. Биыл алдымен мемлекеттік комиссия құрылады. Ол комиссия жыл аяғына дейін атқарған жұмыстарын Елбасына баяндайды. Содан соң барып қана біз алфавиттің қалай боларын анықтауға тиіспіз», - деді М. Құл-Мұхаммед.