Бұл туралы ол бүгін Мәдениет және ақпарат министрлігінің 2011 жылы атқарған жұмыстарына байланысты өткен алқа мәжілісінен соң сөйлеген сөзінде айтты.
«Мәдениет және ақпарат министрлігінің алдында тұрған өзекті деген мәселе республиканың аймақтарындағы, халықтық деңгейдегі мәдени ошақтарға қолдау көрсету болып отыр. Өкінішке қарай, министрлік осы жұмысты біршама бәсеңдетіп алды және біз бұны мойындауымыз керек. Бұл менің де жіберген қателігім болар. Жалпы, облыстық деңгейдегі мәдениет департаменттерінің басшыларын облыс әкімі тағайындайды. Ал біз жағдай осылай болды екен деп, аймақтардан қол үзіп қалмай, оларға да тиісті қамқорлық көрсетуіміз керек», - деді Мемлекеттік хатшы.