Reuters агенттігінің хабарлауынша, даңқты сазгер өзінің жеке орындаулар топтамасын қайта шығаруға, оның бұрынғы әріптесі, дыбыс жазатын EMI компаниясымен шығармаларын лицензиялау мерзімі бітуі себебінен барып отыр. Қайта басып шығару жайындағы жаңалық Маккартнидің тұңғыш жеке альбомы жарық көргеніне 40 жыл толуымен тұспа-тұс келіп отыр.
Жай ғана "McCartney" деп аталған, тізіміне "Maybe I'm Amazed", "Junk" және "Every Night" тәрізді танымал әндер кірген сол пластинка 1970 жылғы сәуірдің 17-сінде саз сүйермендерінің қолына тиген еді және әйгілі ливерпульдік төрттіктің ресми тарауымен есте қалған болатын.
Маккартни бұған дейін де телевизиялық продюсер Норман Лир негізін қалаған және әуел баста джаз бен жеке орындаушылар өнерін жазып-таратуға маманданған Concord Music Group компаниясымен әріптестікте болған еді. Даңқты экс-битл сазгердің "Memory Almost Full" (2007) және "Good Evening New York City" (2009) сияқты соңғы студиялық және концерттік дискілері нақ осы Concord Music Group өзі тәріздес тағы бір ұжым Starbucks корпорациясымен бірлесіп тағайындаған Hear Music белгісімен шығарған.
Қайта жазып шығару кезегінде Маккартни мен тағы да бір танымал топ Wings орындауындағы 1973 жылғы "Band On The Run" классикалық альбомы бірінші болып тұр.
Ал, The Beatles тобының әуендік жазбаларына қатысты айтар болсақ, оларды шығару құқы әзірге EMI компаниясының құзырында қала береді. Былтыр бұл компания 13 миллионнан астам дана таралыммен сатылып кеткен ливерпульдік төрттіктің бүкіл каталогын зор табыспен қайта жазып шыққан болатын.