Макрон Себастьен Лекорнюді Францияның премьер-министрі етіп қайта тағайындады

Фото: Report.az

АСТАНА. KAZINFORM – Франция президенті Эмманюэль Макрон төрт күн бұрын ғана отставқа кеткен және үкіметті әрі қарай басқарғысы келмейтінін мәлімдеген Себастьен Лекорнюді қайтадан премьер-министр қызметіне тағайындады, деп хабарлады BBC News.

Лекорнудың қайта тағайындалғаны жөнінде Елисей сарайы президенттің жаңа премьер-министрді тағайындауға өзіне берген 48 сағаттық мерзімі аяқталған соң хабарлады.

Айта кетелік Францияда жаңа премьер-министр 48 сағат ішінде тағайындалуы мүмкін екенін жазған едік. Сонымен қатар Макрон қызметінен кеткен Франция премьеріне үкіметін сақтап қалу үшін екі күн уақыт берген еді

Ал 6 қазан күні таңертең Елисей сарайында Франция премьер-министрі Себастьен Лекорню отставкаға кету туралы өтініш берген еді.