Мал дәрігерлік мәселелері бойынша жинақталған ақпараттық-анықтамалық материалдардың нақты деректеріне сүйенсек, Қазақстан Республикасында Сібір жарасымен ауырып өлген малдарды көметін 2604 орын тіркелген екен. Міне, осыған 2015-2016 жылдары жергілікті бюджеттен 361,8 млн. теңге қаржы бөлініпті. Республикада жыл сайын сібір жарасына қарсы алдын алу шараларына байланысты барлық малдарға егу жұмыстары жүргізіледі. Атап айтқанда, 2015 жылы сібір жарасына қарсы 32,6 млн, 2016 жылы 33,2 млн. мөлшерде доза вакциналар сатып алынған. Бұл вакциналарды жеткізіп беру кезінде олардың сапасына мал дәрігерлік жөніндегі Ұлттық референттік орталық арқылы тексеріс жүргізілген.
Қазақстанда барлығы 199 мал дәрігерлік ұйымдар, оның ішінде жергілікті атқару органдарында 2 338 мал дәрігерлік бекеттер құрылып, жұмыс істеуде. Республикамызда сібір жарасының салдарынан өлім-жітімге ұшыраған малдарды көметін 2604 орынның бар екендігін жоғарыда айттық. Өлген малдарды көмуге арналған бұл орындарды қалыпты жағдайда ұстау жұмыстарына 1,6 млрд. теңге талап етілсе, бір сондай орынды қоршауға 680 мың теңге шығын жұмсалады екен.
Ал, жергілікті бюджеттен сібір жарасынан өлген малдарды көметін орынға 361,8 млн. теңге бөлінетін көрінеді. Республикада мал дәрігерлік дәрі-дәрмектерді сақтау үшін 2338 мал дәрігерлік бекеттер жұмыс істейді.
«Мал дәрігерлік» туралы Заңға сәйкес мал дәрігерлік іс-шараларды жүргізу және ұйымдастыру ісі жергілікті атқару органдарының құзырына жатады. Малда кездесетін аса қауіпті ауруларға қарсы мал дәрігерлік шараларды жүргізуді жергілікті атқару органдарында құрылған мемлекеттік мал дәрігерлік ұйымдар жүзеге асырады.
Республика бойынша жергілікті атқару органдарының 199 мал дәрігерлік ұйымдары құрылған, олардың құрамына 2338 мал дәрігерлік бекеттер кіреді. Мемлекеттік мал дәрігерлік ұйымдардың штаттық саны 11 658 бірлікті құрайды, оның ішінде 2 389 бірлігі аудандық деңгейде. Мал ішінде кездесетін аса қауіпті мал ауруларына қарсы эпизоотикалық шараларды жүргізу мақсатына (тасымалдау, мал дәрігерлік дәрі-дәрмектерді қолдану және сақтау, қан сынамаларын алу және оларды мал дәрігерлік зертханаларға жеткізу) 2014-2016 жылдарға жыл сайын 11,1 млрд. теңге қарастырылған.
Бірінші жарты жылдықта ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінен малдәрігерлік қадағалау бөлімі Сібір жарасына қарсы жоспарлы мал дәрігерлік шараларды жүргізу үшін ҚР қаржы министрлігінің (КГИИП) 2016 жылғы 2 наурыздағы № 249 бұйрығы бойынша республикалық үнем қорынан 23 510,8 мың мөлшер (доз.) қажетті көлемдегі дәрі-дәрмектер берілген.
Аса қауіпті мал ауруларының алдын алудың мал дәрігерлік шаралары бойынша жасалған Жоспар бойынша бірінші жарты жылдықта сібір жарасы бойынша жоспардағы 20 254 769 нәтижесінде 19 634 411-ге орындалды, бұл жарты жылдық жоспардың 96,9 пайызын қамтиды.