«Қазіргі уақытта қауіпсіз жерге көшірілгендерді уақытша қабылдайтын 47 пункт ашылды. Көпшілігі штаттың әкімшілік орталығы Кучинг қаласына орналастырылды», - деп атап өтті басқармада.
Метеорологтардың ақпаратынша, алдағы күндері ауа райы жақсарады - қатты жауындар басылады.
2014 жылдың желтоқсанында Малайзияның бірқатар ауданы соңғы 50 жылдағы ең ауыр (күрделі) табиғи аптты басынан өткізді. Апат 10 адамның өмірін қиды, жүз мыңнан астам адам, баспанасын тастап, қауіпсіз жерге баруға мәжбүр болды. Келтірілген экономикалық залал $800 млн құрады.