Қазақстандағы ең үздік деп танылған мектеп мұражайының топтамасында ежелгі дала мекендеушілерінің сүйектер коллекциясы бұрыннан бар.
08:46, 15 Шілде 2010
Мамонттың сойдақ тісі - Павлодардағы мектеп мұражайының жаңа экспонатына айналды
ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫ. Шілденің 15-і. ҚазАқпарат /Николай Кузнецов/ - Павлодар облысы Григорьевка ауылының мұражайы жаңа экспонатпен толықты, деп хабарлайды мұражайды құрған педагог Еркін Ысқақов. Ертіс өзенінде балықшылардың торына бір метрден астам ұзындықтағы мамонттың сойдақ тісі түскен.