Мамыр айында экономиканың жекелеген сегменттерiндегі бағалар өзгердi

АСТАНА. Маусымның 10-ы. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ -Ағымдағы жылдың мамыр айында ел экономикасының жекелеген сегменттерінде бағалар өзгерді.

Бұл туралы ҚазАқпарат Статистика агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Агенттіктің мәліметтеріне қарағанда, ағымдағы жылғы мамырда өткен аймен салыстырғанда тұтыну тауарларына және қызмет көрсетулерге бағалар - 0,6 пайызға, өнеркәсіпте - 5,3 пайызға, құрылыста және көтерме саудада - 0,2 пайыз, орман шаруашылығы - 0,9 пайызға өсті. Сонымен бір мезгілде, ауыл шаруашылығы өнімдері - 1,1 пайызға арзандаған.