Бұл мәлімет Qncepto консалтинг компаниясының еліміздің көлік нарығына жасаған шолуында келтірілген.
«2012 жылдың мамыры қазақстандық нарықтың үздіксіз өсімінің 25-ші айы болды. Жеңіл және жеңіл коммерциялық техникалар сегментінде ресми дилерлер 8251 автомобиль сатты. Ағымдағы жылдың сәуіріне қарағанда наурыздағы өсім небәрі 4,87 пайызды құрады. Дегенмен, 1 жыл бұрынғы көлеммен салыстырғанда өсім 2 есеге, нақты айтқанда 124,33 пайызға көтерілді», - делінген ақпаратта.
Компанияның ақпаратына сәйкес, жыл басынан бері ресми дилерлер 31 073 жеңіл автомобиль сатқан. Бұл ретте нарықтағы статистикалық мәліметтердің жоғарылауына ресейлік өндірушілердің қосқан үлесі 53,29 пайыз өсім көрсетеді. Өзбекстан мен Украина және алыс шет елдердің импорты 28,45 пайызға өсті. Ал қазақстандық автозауыттардың үлесі 18,25 пайызды құрайды.